Скопировано

QAZAQSTAN IGF 2025

15.10.2025 19:00:00
Дата публикации
15 қазанда Алматыда үшінші Ұлттық интернетті басқару форумы — Qazaqstan IGF 2025 өтті. Қатысушылар цифрлық кодификацияны, криптоактивтерді реттеуді, дипфейктер мен offensive AI мәселелерін, әйелдердің киберқауіпсіздігін, цифрлық дағдыларды дамыту мен тұрақты дамуды талқылады. Жасанды интеллекттің цифрлық ортаға әсері мен адам құқықтарын қорғау үшін құқықтық тетіктердің қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Қазақстанның Цифрлық кодексі жобасы қаралды.

Форумның негізгі сессияларына Eurasian Digital Foundation сарапшылары спикер және модератор ретінде қатысты:

– Руслан Дайырбеков, EDF негізін қалаушы және DRCQ басқарушы серіктесі
– Елжан Кабышев, EDF заңгерлік тәжірибе жетекшісі
– Дана Үтеген, Maqsut Narikbayev University заң мектебінің оқытушысы және EDF академиялық кеңесшісі

Руслан IGF.jpg Елжан IGF.jpg Дана IGF.jpg

Іс-шараның бейнематериалдары YouTube-те қолжетімді:

Space залы
Amphitheatre залы


Ресми сайт: igf.kz