02.03.2026 13:44:00
Дата публикации
Қазақстанда жол ережесін автоматты түрде тіркеу мүмкіндіктері кеңейтіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. 12 наурыздан бастап Әкімшілік кодекстің 31-бабына өзгерістер күшіне енеді.
Полиция жаңа тыйымдар енгізілмейтінін, тек бар бұзушылықтарды тіркеудің техникалық тәсілдері кеңейтілетінін нақтылады.
Енді камералар жылдамдықты асырғанды, қызылға өткенді және басқа да әдеттегі бұзушылықтарды ғана емес, арнайы өлшеуді қажет етпейтін әрекеттерді де анықтайды. Мысалы, рөлде телефон қолдану және белдікті тақпау.
Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграция арқылы техникалық тексерістің мерзімі өткенін, сақтандырудың жоқтығын және басқа бұзушылықтарды да автоматты түрде анықтай алады.
Бұл үшін Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімімен (ЕРАП) біріктірілген мемлекеттік деректер қолданылады.
Сонымен қатар, бірқатар баптар бойынша камералар инспектордың қатысуынсыз автоматты түрде ескерту шығара алады. Мысалы, кептеліс жасау немесе шамды дұрыс қолданбау.
Бұған дейін автоматты режимде алты түрдегі бұзушылық тіркелетін: жылдамдықты асыру, қызылға өту, жол белгілері мен сызықтарын сақтамау, дұрыс емес тоқтау немесе тұрақ, озып кету және жолда орналасу ережесін бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеу.
Қалған бұзушылықтар тек полиция қызметкерінің тікелей қатысуымен анықталатын. Құқық қорғаушылар камералар арқылы жаяу жүргіншілерді бақылау қарастырылмайтынын айтты.