18.09.2025 12:00:00
Дата публикации
Қазақстанда орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2025–2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалық негіздері бекітілді.
Алғаш рет білім беруде жасанды интеллектіні қолдануға қатысты бірыңғай ұлттық стандарттар бекітілді. Оған этика, құқықтық реттеу, жеке деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері кіреді.
Тұжырымдама мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қамтиды. Онда жасанды интеллект тақырыптарын оқу бағдарламасына енгізу, цифрлық оқулықтар әзірлеу, оқушылардың AI-сақ сауаттылығын арттыру, жобалық оқыту мен педагогтардың біліктілігін үш деңгейлі модель бойынша (*Acquire → Deepen → Create*) көтеру көзделген.
Баланың құқықтарын қорғау және педагог беделін сақтау басты назарда. Мектептер мен колледждерде академиялық адалдық пен AI қолдану этикасының бірыңғай қағидалары енгізіледі.
«Бұл тұжырымдама білім беруде жасанды интеллектіні қауіпсіз енгізудің басымдықтары мен тетіктерін айқындайды. AI мұғалімнің рөлін күшейтеді, бірақ негізгі шешім адамға тиесілі», — деді Ғани Бейсембаев.
Қазақстан ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және ЕО ұсынымдарына сүйене отырып, осы салада ұлттық тәсілін бекіткен алғашқы елдердің бірі болды.
«Білім беруде AI енгізу — цифрлық трансформация стратегиясының бөлігі. Мақсат — академиялық адалдық пен ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, болашақ технологияларды жасай алатын ұрпақ тәрбиелеу», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Бұйрыққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қол қойды.