Скопировано

Интернетсіз қалдырмау: Бангладеш заңнамалық түрде шатдаундарға тыйым салды

26.12.2025 12:00:00
Дата публикации
Бангладештің уақытша үкіметі жанындағы Консультативтік кеңес телекоммуникациялар туралы жобалық қаулыға түзетулерді мақұлдап, атқарушы билікке интернетті өшіруге тыйым салды. Бұл шешім азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғауда маңызды қадам болды.

Жобаға сәйкес, ақпаратты заңды түрде ұстап қалу тек ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп, өмірді сақтау, сот және тергеу әрекеттері немесе трансшекаралық мәселелер үшін ғана мүмкін болады және рәсімдер сақталуы тиіс. Мұндай әрекет квазисот кеңесінің мақұлдауымен және CIS қолжетімділікті бақылау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Заңсыз перехватқа қатысты шағымдар кеңеске берілуі мүмкін.

Айта кетерлігі, шатдаунға тыйым бастапқы жобада болған, бірақ кейін оны алып тастауға әрекеттер жасалды. Астанадағы қоғамдық наразылықтардың арқасында норма сақталды.

Бұл қадам 2024 жылғы шілдедегі оқиғаларға жауап болды: студенттердің квотаға қарсы наразылықтары кезінде интернет бес күнге өшірілді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталды, ал БАҚ контентті жаңарта алмады.

Шатдаун коменданттық сағатпен және астанада әскер енгізумен қатар жүрді. Нәтижесінде құрбандар, тұтқындаулар және дезинформациямен күшейген хаос орын алды. Forbes бағалауы бойынша, шығын 157 млн долларды құрады.

Amnesty, Access Now, Human Rights Watch және басқа халықаралық ұйымдар интернетті өшіруді айыптап, оның Бангладеш Конституциясында бекітілген сөз бостандығы мен ақпаратқа қолжетімділікті бұзатынын атап өтті.

Құқық қорғаушылар шатдаундар зорлық‑зомбылықтың алдын алуда тиімсіз екенін, керісінше қоғамның дезинформациямен күресуіне кедергі келтіретінін айтады. Адамдар балама байланыс арналарына жүгінеді, бірақ сенімді дереккөздерден айырылады.

Қазақстанда Еуразиялық Цифрлық Қор интернет шатдаундарына қарсы (shutdown.kz) кампания жүргізуде. 2025 жылдың күзінде команда Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына «Байланыс туралы» заңның 41‑1 бабына қарсы шағым түсірді. Бұл бап интернетті сот бақылауынсыз өшіруге мүмкіндік береді. Өтініште мұндай шаралар ақпаратқа қол жеткізу және пікір білдіру еркіндігін бұзатыны, соразмерлік қағидатына және халықаралық міндеттемелерге қайшы келетіні атап көрсетілген.