29.07.2025 17:01:00
Дата публикации
Қазақстан цифрлық қоғамдық инфрақұрылымды (Digital Public Infrastructure, DPI) жедел енгізуге бағытталған 50-in-5 жаһандық бастамасына қосылды. Бұл — адамға бағытталған цифрлық мемлекетті дамытудағы маңызды қадам.
Бастама қауіпсіз, үйлесімді және кеңейтілетін цифрлық шешімдерді — жеке тұлғаны сәйкестендіруден бастап төлемдер мен деректер алмасу платформаларына дейін — дамытуға ұмтылатын елдерді біріктіреді. Мақсат — 2028 жылға дейін 50 ел кем дегенде бір DPI компонентін енгізуі.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, Қазақстандағы цифрлық трансформацияның орталығында — азаматтардың мүддесі, технологияның өзі емес. DPI мемлекет пен азамат арасындағы қашықтықты қысқартуға көмектеседі.
Қазақстан DPI-дің негізгі элементтерін енгізіп үлгерді. Цифрлық сәйкестендірудің өзегі — мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мен қауіпсіз верификацияны қамтамасыз ететін eGov Mobile суперапп.
Қосымшаны 10,9 миллионнан астам азамат пайдаланады. Ай сайынғы белсенді аудитория — 5,3 миллион, ал күнделікті орташа пайдаланушылар саны — 354 мың. eGov Mobile арқылы 82 миллионнан астам қызмет көрсетілді.
«Цифрлық құжаттар» бөлімі ерекше танымал — онда жеке куәліктен бастап жүргізуші куәлігіне дейін 38 түрі бар. Іске қосылғаннан бері бұл қызмет 25,7 миллионнан астам рет қолданылған.
Smart Data Ukimet — 124 ақпараттық жүйені біріктіретін платформа, ол өмірлік оқиғаларға байланысты проактивті қызметтерді автоматты түрде іске қосуға мүмкіндік береді.
50-in-5 бастамасы Билл және Мелинда Гейтс қоры, БҰҰДБ, Co-Develop, GovStack, ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық серіктестердің әдістемелік және техникалық қолдауымен жүзеге асырылады.
Қазақстан үшін 50-in-5 бастамасына қатысу — ұлттық әлеуетті нығайту, цифрлық трансформацияны жеделдету және технология әрбір азаматтың игілігіне жұмыс істейтін тұрақты дамуды қамтамасыз ету мүмкіндігі.